2012 жылдан бастап Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық кітап сыйлау мерекесі тойланып келеді. Эмми Бродмур – әлеуметтік желіні белсенді блогері.
2012 жылдан бастап Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық кітап сыйлау мерекесі тойланып келеді. Эмми Бродмур – әлеуметтік желіні белсенді блогері.
2012 жылдан бастап Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық кітап сыйлау мерекесі тойланып келеді. Эмми Бродмур – әлеуметтік желіні белсенді блогері. Бір ұлы Эммиге дәл осы күні «Неге адамдар бір-біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?» деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттырған. Әлем халықтары бұл мерекені бір-біріне кітап сыйлау және кітап оқудан жарыс түрінде атап өтеді. Өтйкені бұл мерекенің басқа мерекелерден ерекшелігі – кітап сыйлау және оқырманның назарын кітапқа аудару, әдеби мұраларды құрметтеу және насихаттау.
Расында кітап ең жақсы сыйлық! Ең есте қаларлық білім кітаптан алынады. Кітап оқу - сөз қорының көбеюіне, сөйлеу мәнерінің жақсаруына септігін тигізеді, есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсере етеді. Зерттеулер кітап оқудың стреске қарсы жақсы шара екендігін көрсеткен. Көп кітап оқу мидағы нейрондық байланыстарды арттырады, яғни зеректікті қалыптастырады. Ал дәрігер мамандардың айтуынша кітап оқуды әдетке айналдыру егде жаста алжымауға, альцгеймер ауруына шалдықпауға септігін тигізеді.