Колледжімізде топтар арасында жыл сайынғы «Үздік студенттік топ» байқауы өтті. Бұл байқау:
– кәсіби және әлеуметтік құзыреттілікке қол жеткізуге қызығушылықты арттыру;
– топтарды бірігуге ынталандыру, топта жұмыс істей білу;
- оқу тәртібін жақсарту;
- студенттердің әлеуметтік, мәдени, ғылыми және спорттық қызметін белсендіру;
- бос уақытты және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған.
Іс-шара 3 кезең бойынша өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 1 курс ЕМН-22к-9 тобының студенттері “Үздік топ” болып атанды. Олар «Үздік топ» дипломымен және колледж әкімшілігінің сыйлығымен марапатталды. Қалған топтар да тапқырлық,белсенділік, достық, шығармашылық, әртістік номинациялар бойынша дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Қатысушылардың барлығын құттықтаймыз және оқуларыңызда сәттілік және барлық мақсаттарыңызға жетулеріңізді тілейміз